Қапшағайлықтар Наурыз мейрамын ағаш отырғызудан бастады

None
None
ҚАПШАҒАЙ.ҚазАқпарат - Қапшағайда Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесі тал егуден басталды. Тұрғындарға жеті түрлі дәмнен дайындалған наурыз көже ұсынылып, ақ тілектер айтылып, орталық алаңға жағалай тігілген күйіз үйлер мерекенің сәнін кіргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктемнің ұлық мерекесінде Қыдыр ата бастаған және Алдар көсе, Тазша бала сияқты қазақ ертегілерінің кейіпкерлері бар театрландырылған қойылым көрсетіліп, көпбалалы аналарға алтын, күміс алқалар тапсырылды. Алтын алқаны Ардақ Үйналақова мен Мариям Жұманова, күміс алқаны Нұргүл Әбирова мен Айболған Локашева тақты.

«Қапшағай қаласы Наурыз мерекесіне дайындықты тазалықтан бастады. Облыс әкімінің шешімі бойынша екі айлық тазалық күндері жарияланған. Осыған орай біз бірнеше сенбілік өткіздік. Оған халық бағасын бере жатар», -деді Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Сүгіров.

Мейрам «Алатау әндері», «Құлан саз» фольклорлық ансамблі мен жергілікті өнерпаздар әзірлеген мерекелік концертке ұласты.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар