Қапшағайлық құтқарушы бір күнде 12 адамды ажалдан аман алып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының Қапшағай өңірлік құтқару бөлімшесінің қызметкері Қанат Қалиев бір күнде 12 адамды құтқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат бұл жүйеде 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Ол өзін жоғары білікті және сауатты маман, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер ретінде танытты. Авариялық, іздестіру-құтқару, сүңгуірлік-құтқару жұмыстарын жүргізгенде әбжілдік пен шығармашылық тапқырлық көрсете біледі.

Биылғы 15 шілдеде Қанат Қамалбекұлы Қапшағай су қоймасының жағалауында патрульде жүріп, 12 адамды құтқарды. Ол күні жағадан соққан желдің екпіні қатты еді. Толқынның биіктігі 2 метрге жетті. Бірақ Қанат Қалиев ауа райының күрт нашарлағанына қарамастан суға батып бара жатқан адамдарды бірінен соң бірін жағаға алып шықты.

«Қанат Қалиев - теория мен тәжірибені, әлеуметтік психологияны меңгерген ойы озық маман. Ынталы және ойы ұшқыр құтқарушы. Өз жұмысына әділ баға береді, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отырады» делінген Алматы облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Бүгінгі Құтқарушылар күніне орай Қанат Қамалбекұлы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар