Қапшағайға демалуға барған үш жігіт төбелесіп, ауруханаға түсті

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Қапшағай жағалауында демалмақ болған ер адамдар жекеменшік нысанның иесі және жұмысшыларымен төбелесіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметі бойынша, 8 сәуірде сағат 19:03-те Қонаев қалалық полиция басқармасына ауруханаға түрлі дене жарақаты бар үш ер адамның түскені хабарланған. Осы хабарламаға сәйкес, ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағында көзделген «Бұзақылық» қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша іс тіркелді.

Тергеу барысында зардап шеккендер Қапшағай жағалауына демалысқа келіп, жеке аумаққа заңсыз кіргені анықталды. Аталған аумақтың меншік иесі мен жұмысшылары ер адамдармен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді.

«Оқиғаға қатысушылар мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар