+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Қапшағайдағы Заречный ауылына көгілдір отын келді

2019 жылғы 29 қараша 18:06
Бөлісіңіз:
Қапшағайдағы Заречный ауылына көгілдір отын келді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қапшағайдағы Заречный ауылы көгілдір отынға қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жетісай ауданында екі ауылдың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді Төлеби ауданындағы 9 елді мекенге табиғи газ беріле бастады Зайсан ауданына газ тарту мақсатында 50 миллион теңге бөлінбек - ШҚО

«Қапшағай аймағының газ жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мир, Абай, Дзержинский, Жамбыл көшелерін көгілдір отынға қосты.

Салтанатты шараға Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қожахметов, «Қапшағай аймағының газ жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ілияс Сүгіров, Заречный ауылдық округінің әкімі Берік Дүйсенбаев, Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық төрағасы Ғабдеш Қазбеков және ауыл тұрғындары қатысып, өздерінің ақжарма тілектерін білдірді.

Алғашқы газ құбыры арқылы көгілдір отын жіберуге байланысты алауды ауыл ақсақалы Балтабай Жұмаділов жақты.

Айта кетейік, Алматы облысының 2030 жылға дейінгі даму жоспары дайындалған. Аясында Қапшағай өңірін газбен қамтамасыз ету мақсатында «Байсерке-Қапшағай» жобасы 2017 жылы дайындалып, нәтижесінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT