Қапшағайдағы демалыс орындары жұмысын 2 тамызға дейін тоқтатады

None
None
ҚАПШАҒАЙ. ҚазАқпарат - Қапшағайдағы демалыс орындары жұмысын 2 тамызға дейін тоқтатады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қапшағай қаласының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Л.Ю.Ролдугинаның 2020 жылғы 22 шілдедегі №214 қаулысымен карантин шаралары қайта күшейтілді. Бүгінде еліміздегі карантин шараларын 02 тамызға дейін күшейту туралы қабылданған шешімге сәйкес, одан бөлек қосымша шектеу шаралары Қапшағай қаласында 25 шілдеден бастап енгізіліп отыр. Атап айтқанда:

1. 25 және 26 шілде күндері қаладағы барлық базарлар мен азық-түлік емес дүкендер қызметін тоқтатады.

2. 25 шілде мен 02 тамыз аралығында аймақтағы барлық демалыс орындары мен қалалық жағажайлар жабылады. Бұл нысандарға баратын жолдарда мобильді бекеттер орнатылады.

«Жоғарыда аталған шаралар тұрғындардың денсаулық қауіпсіздігі мен санитарлық режимді ұстауға бағытталған. Барша тұрғындарды санитарлық режимді қатаң ұстап, бетперде тағуды сұраймыз. Өзіңіз және жақыныңыздың қауіпсіздігін сақтаңыз», - делінген Қапшағай қаласы әкімдігінің арнайы таратқан хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар