+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Қапшағайда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталды

2020 жылғы 1 қазан 13:47
Бөлісіңіз:
Қапшағайда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қапшағай қаласының соты Даркембаев А. есімді азаматты 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде даулардың 40 пайызы татуласу арқылы шешілуде 2021 жылдың 1 шілдесінен Әкімшілік әділет кодексі қолданысқа енгізіледі Елімізде күніне 4,5 мың онлайн процесс өтіп жатыр - Жоғарғы сот төрағасы

Сотталушы жаяу жүргіншіні қағып, жәбірленуші алған жарақаты салдарынан көз жұмған.

ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша кінәлі деп танылған Даркембаев сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 1 млн теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, ол 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында әлеуметтік желіде видео жарияланған болатын. Ол жерде қараңғыда жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан адамды көлік қаққанын көруге болады. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды.

Заңға сәйкес, мұндай қылмысты жасаған адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бірақ сотталушының өз кінәсін толық мойындап, болған қайғылы жағдайға қатты өкінетінін, сондай-ақ оның бұрын сотталмағаны және кішкентай баласының болуы оның жазасының жеңілдеуіне себеп болған.

Үкім күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ сот жәбірленуші тарапқа материалдық шығынды да өндіруге құқығы бар екенін ескертті. Енді жәберленушілер келтірілген шығындарды дәлелдей отырып азаматтық сотқа шағым түсуруі қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT