Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 27 °С
Алматы: 33 °С
USD 342.49 EUR 400.85
RUB 5.51 CNY 51.33
Жаңалықтар

Қапшағайда түнгі клубтың түгі қалмай өртеніп кетті

2018 жылғы 3 қаңтар 15:25 2536
Бөлісіңіз:
Қапшағайда түнгі клубтың түгі қалмай өртеніп кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Қапшағайда түнгі клуб өртенді. Қызыл жалын 400 шаршы метр жерді шарпыған. Ал ғимараттың өртеніп жатқандығы жөнінде ақпарат бүгін түнгі сағат он екіден 50 минут кеткенде төтеншеліктерге  түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында тәулік ішінде екі жасөспірім суға кетті Алматы полициясы 4 жастағы баланы көлігімен қағып, тал түбіне тастап кеткендерді іздестіруде

Алапат өртті сөндіруге тіпті Алматыдан да мамандар тартылды. Мегополистен екі арнайы техника және 9 өрт сөндіруші келді, Алматы облысының ТЖД-ның 6 техникасысы мен 30 маманы тілсіз жаумен арпалысты. Тек түнгі сағат 03:45-те өрт толық ауыздықталды.

«Өртенген ғимараттың бірінші қабатында автобөлшектер сатылатын дүкен болған. Ал екінші қабатында «Рай» түнгі клубы орналасқан. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев. Мамандар бірінші кезекте өрттің жайылуына жол бермеді. Себебі, өртке оранған ғимараттың жанында дәмхана, дүкен және дәріхана болған.


Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат