Қапшағайда суға кеткен 6 адамның ісі оқыс оқиғалар ретінде тіркелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында 14-15 шілде күндері 6 адам суға батып кеткен. Барлық фактілер облыстық ІІД-нің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне оқыс жағдайлар ретінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық сараптама суға кеткендердің ішінде мас күйінде болғандардың бар-жоғын анықтайды. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, көбі алысқа жүзіп кетіп, жағаға жете алмай қалған. Оның үстіне, сол күндері ауа райы қолайсыз болды. Барлық оқиға Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне оқыс жағдайлар ретінде тіркелді», - деді Алматы облыстық ІІД басшысы Сергей Незнаев.

14-15 шілде аралығында Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасына 6 батып кеткенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ дәл осы күндері 51 адам құтқарылған. Оның  9-ы адасып қалған балалар. 12 адам алғашқы медициналық көмектің арқасында аман қалған.

Соңғы жаңалықтар