Қапшағайда шілдеден бастап жылу бағасы 46 пайызға арзандайды

None
None
ҚАПШАҒАЙ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қапшағай қаласында жылу тарифі төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Қапшағайжылу» МКК-ның жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтеріне, 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде «Қапшағайжылу» МКК-нің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, негізсіз табыс сомасы 731 018 390 теңге көлемінде негізделмеген пайда мөлшері анықталды.

Осыған орай Алматы облысының ТМРКД-ның 2021 жылғы 21 мамырындағы №88-НҚ бұйрығына сәйкес, «Қапшағайжылу» МКК-ның үш жылға 1 714,6 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді (бұрын қолданыстағы тариф - 3 173,39 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

Яғни 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып, тариф 46% төмендеді.


Соңғы жаңалықтар