Қапшағайда шенеунік сауда нүктесін орналастыру үшін пара талап еткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Қапшағай қаласындағы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ч.Ормышевті әшкереледі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ч.Ормышевтің жеке тұлғаны бопсалау жолымен «Айша Сити» жекеменшік базарының аумағында сауда нүктесін орналастырып, алдағы уақытта кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасауы үшін одан 3 000 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны анықталды.

Қазір осы іс бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар