Қапшағайда оққа ұшқан сарбаз басқа ауруханаға ауыстырылды

None
None
ҚАПШАҒАЙ.ҚазАқпарат - 12 наурыз күні өте ауыр жағдайда Қапшағай қалалық ауруханасына түскен Ертуған Омарханов есін жиды. 21 жастағы науқас Алматы қаласындағы облыстық көпсалалы ауруханаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қапшағай қалалық ауруханасының бас дәрігері Айман Рақышеваның айтуынша, 12 наурыз күні Ертуған Омарханов өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Әскери сарбазға 6 сағат шамасында ота жасалған.

«Басына ота жасалды. Қан көп кетті. Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында ота сәтті өтті. Ал науқасты Алматы қаласына ауыстыруымыздың себебі, көпсалалы ауруханада бізден қарағанда мүмкіндік көп», деді А. Рақышева.

Айта кетсек, Алматы облысындағы 7552 әскери бөлімінің әскери сарбазы түн ішінде оққа ұшқан. Жұмбақ жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Ал Отан алдындағы борышын өтеуге келіп, оққа ұшқан азамат  Шығыс Қазақстан облысының тумасы.

Соңғы жаңалықтар