Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Қапшағайда мұз жарылып, көліктегі үш адам суға кете жаздады

2018 жылғы 12 ақпан 15:31 1030
Бөлісіңіз:
Қапшағайда мұз жарылып, көліктегі үш адам суға кете жаздады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасына балық аулауға барған адамдар оқыс оқиғаға тап болды. Лексус көлігінде болған үш адам суға батып кете жаздаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда шахтада қаза болған бала өліміне қатысты тың деректер пайда болды Шри-Ланкада нөсер жауын 5 адамның өмірін қиды

 «Ақпанның 11-нен 12-не қараған түні Қапшағай су қоймасына үш адам балық аулауға барған. Жағадан 500 метрдей жерде мұз жарылып, көлік жартылай суға батқан. Абырой болғанда сол жердің тереңдігі 1,5 метр ғана болған екен. Оқыс оқиға жайлы хабар ТЖД кезекшілік бөліміне 9:32-де келіп түсті. 14:20-да көлікті судан алып шықты. Төрт құтқарушы және екі техника оқиға орнында жүмыс істеді. Көліктің ішінде болған үш адам аман. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлім етті облыстық  ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.


Қапшағайда мұз жарылып, көліктегі үш адам суға кете жаздады

Сондай-ақ құтқару қызметінің мәліметінше,  оқыс оқиға болған жерде мұздың қалыңдығы  10 см болған. Ал құтқарушылар көлікпен мұздың үстімен жүру үшін кемінде 30 см болу керектігін ескертті. 


Қапшағайда мұз жарылып, көліктегі үш адам суға кете жаздады


Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат