Қапшағайда мүгедек әйелді қорлаған бала ювеналдық полиция бөлімшесіне тіркеуге алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында мүгедек әйелді қорлаған баланың серігі, досының әрекетін тамашалап тұрған балаға қандай шара қолданатынын полицейлер айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүгедек әйелді қорлаған 10 жасар бала ювеналдық полиция бөлімшесіне есепке алынды. Екінші баланы да анықтадық. Ол Қапшағайға басқа өңірден қыдырып келген. Оның тарапынан озбыр әрекеттер болмағандықтан, ешқандай шара қолданылмады. Ол өзінің жолдасына тоқтау айтуы керек еді, олай етпеді. Оның ата-анасымен тәрбие сағаты жүргізілді », - деді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Сергей Незнаев.

Бұған дейін белгілі болғандай бейнежазбадағы бала толық емес отбасында тәрбиеленген.  Оның анасы 3 баланы жалғыз асырап отыр.

Ол 127-бап бойынша өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аталған бап бойынша 7-ден 20АЕК ке дейін, яғни 16 835 - 48 100 теңге айыппұл төлеу қарастырылған. 

Еске сала кетсек, Қазнетте мүгедек әйелді келеке еткен баланың әрекетіне қатысты видео тарап кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар