Қапшағайда металл қабылдау бекетінде болған жарылыстан бір адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қапшағай қаласында металл қабылдау бекетінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Қапшағай қаласындағы Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан металл қабылдау бекетінде жарылыс болды. Қайғылы оқиға белгісіз затты дұрыс пайдаланбау салдарынан болған. Оқиға кезінде бір адам қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Қала тұрғындарының сабыр сақтауын өтінеміз» деп хабарлады қала әкімдігінен.


Соңғы жаңалықтар