+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қапшағайда мәдениет үйі мен спорт сарайы жоқ

2018 жылғы 1 ақпан 23:21
Бөлісіңіз:
Қапшағайда  мәдениет үйі мен спорт сарайы жоқ

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қапшағай қаласында мәдениет үйі мен спорт сарайы жоқ. Қазір шаһарда әкімдіктің мәжіліс залы мәдени шараларды өткізетін орынға айналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков бұл олқылықты жою үшін шаһарға мәдениет үйі мен спорт сарайы салынатынын мәлім етті. Оның сөзінше, 400 орынға арналған мәдениет сарайының жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. Сонымен қатар, спорт сарайының құрылысын жүргізу жоспарланған. Ал аталған жобаның жобалық-сметалық құжаты наурыз айында дайын болады.

Жалпы Қапшағайда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде 1488 жас спортшы спорттың 18 түрімен айналысады. Сонымен қатар, үйлердің ауласында шағын футбол түріне арналған бірнеше алаң және жаттығу орындары салынған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT