Қапшағайда құдық тазалап жатқан 3 адам мерт болды

None
None
ҚАПШАҒАЙ. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласының 10-шы кәріз-насос станциясында жоспарлы тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан 3 жұмысшы көз жұмды. Қаза болғандар 1964, 1965 және 1967 жылы туған азаматтар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 тамызда сағат  11:49-да Алматы облыстық ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай қалалық кәріз-насос станциясының аумағында құдықты тазарту жұмысы барысында 3 адам қаза болды деген ақпарат түскен. Болжам бойынша, марқұм болғандар  метан газының буына улануы мүмкін.   Қаза болғандардың денесін құдықтан ТЖД қызметкерлері шығарып алған», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

null 

Соңғы жаңалықтар