Қапшағайда көлігімен құмға батып қалған отбасы мүшелері құтқарылды

None
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасының жағалауында құмға көлігімен батып қалған отбасы мүшелерін құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 маусым күні түнгі сағат 22:50-де ТЖД-ның кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, «Алтын құм» демалыс базасында ішінде адамдары бар көліктің құмға батып қалғаны туралы хабарлама түседі.

Оқиға орнына жеткен Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары «Chevrolet Nexia» маркалы автокөліктің құмға батып қалғанын анықтады. Ішінде жағалауға демалуға келген ерлі-зайыпты мен бір жасар сәбиі болған. Сағат 23:50-де құтқарушылардың күшімен автокөлік негізгі жолға шығарылды. Адамдар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, үйлеріне аман-есен кайтты«, - делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар