+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қапшағайда қант зауытын салу жоспарланып отыр

2018 жылғы 1 ақпан 22:56
Бөлісіңіз:
Қапшағайда қант зауытын салу жоспарланып отыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қант қызылшасын егетін шаруалардың саны жыл санап өсуде. Мәселен 2017 жылы Қапшағай қаласында 573 гектарға тәтті түбір егілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірақ атап өтілгендей, ауыл шаруашылығының осы бағытына ден қойған шаруалардың түйіткілдері де жоқ емес. Олар өз өнімдерін өткізу үшін 200 шақырымнан астам жол жүруге мәжбүр.

«Расымен де, өнім қабылдайтын «Көксу қант» зауытының орналасқан жері біз үшін аса жақын емес. Осыған байланысты Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қапшағай маңынан қант зауытын салу жөнінде тапсырма берді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз. Болашақта шағын қант зауытын салуды жоспарлап отырмыз», - деді Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков брифинг барысында.

Қапшағай қаласына қарасты Заречный және Шеңгелді ауылдық округтері бар. Биыл мұндағы шаруалар 700 гектар жерге қант қызылшасын егуді жоспарлауда.

Айта кету керек, Президенттің тапсырмасына сәйкес Алматы облысында қант қызылшасын егу қайта жаңғыртылуда. 2017 жылы 9 мың гектарға тәтті түбір егіліп, 35 мың тонна таза қант алынды. Сондай-ақ 10 жыл бойы қаңырап тұрған «Ақсу қант» зауыты іске қосылды. Қазіргі таңда Алматы облысында тәтті түбір қабылдайтын екі зауыт бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT