Қапшағайда із-түзсіз жоғалған зейнеткер табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қапшағай қаласында із-түзсіз жоғалған зейнеткер табылды. Анықталғандай 77 жастағы әйелдің есте сақтау қабілеті төмен болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 маусым күні Қапшағай қалалық ІІБ егде адамның жоғалғандығы жөнінде баласы хабарласып, іздеу жұмыстарына көмек сұрады. Жоғалған адамның туыстары мен жергілікті полиция өкілдері іздеуге кірісіп, бірнеше тәуліктен кейін жоғалған әйелді саяжайлардың бірінен тапты. Белгілі болғандай, зейнеткердің есте сақтау қабілеті төмен болған, ол басынан өткен жайттарды ұмытып қалады. Қазір 77 жастағы азаматша туыстарымен қауышып, жақындарына оралды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар