Қапшағайда әйел зорламақ болған адамды үш жұмысшы ұстап, полицияға тапсырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Қапшағай қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан белгісіз такси жүргізушісінің әйелін ұрлап, Талдықорған жаққа алып кеткенін хабарлаған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Осы шағымнан кейін көп уақыт өтпей жол бойында құрылыс бригадасының үш монтажшысының жас әйелді тонап, зорламақ болған жерінен ұстап алғаны туралы қосымша хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына жедел аттанған жедел-тергеу тобы күдіктіні полицияға жеткізді. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 1992 жылы туған ер адам Қапшағай қаласында тұратыны және оның ұрлық жасағаны үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылғандығы белгілі болды. Сонымен қатар оның адамдарды тасымалдаумен айналысып, зардап шегушіні «Хонда Одиссей» маркілі көлігіне алдап отырғызып алып, қала сыртына шығарып, зорламақ болғандығы анықталды»,-деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері күдіктіні қылмыс жасалар кезде сол аймақта жүрген үш азаматтың ұстағанын айтты.

«Абырой болғанда қылмыс жасалғалы жатқан аймақта үш монтажшы көліктерімен кетіп бара жатқан. Олар өзін шешіндірмек болған белгісіз әйелдің ер адамға қарсылық көрсетіп жатқанын байқап қалған. Куәгерлер бірден күдіктіні байлап тастап, полиция шақырған»,-деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Мәлім болғанындай, спиртті ішімдік ішкен мас адам зардап шеккен әйелдің ұялы телефоны мен 6000 теңгесін тартып алған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 және 120 баптардың екінші бөлігі негізінде 24 бапты қолдана отырып (тонауға әрекеттену мен зорлау), қылмыстық тергеу басталды.

Күдікті қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хасан Еспанов










Соңғы жаңалықтар