Қапшағайда 300 келі балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қапшағай су қоймасында заңсыз балық аулаған үш браконьерді ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылы 5 желтоқсанда «Браконьер» жедел алдын алу шарасы аясында Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Алматы облыстық полиция департаментінің табиғат қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасының балық аулау аумағында тіркеусіз нөмірі жоқ аспалы екі қайықта заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады», - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Заң бұзушылар тыйым салынған аулау құралын қолданып 300 кг балық аулады, оның ішінде 249 кг көксерке балығы, 51 кг табан балығы бар.

«Балық ресурсына келтірілген шығын сомасы - 1 005 902 теңге. Аталған факт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 1-бөлімі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.

Фото: www.facebook.com/s.dildakhmet

Соңғы жаңалықтар