Қапшағайда 30-ға жуық көпқабатты үй апатты жағдайда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қапшағай қаласында 238 көпқабатты үй болса, соның 30-ы апатты деп танылған. Бұл жөнінде қала әкімі Талғат Қайнарбеков брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысының сөзінше, 30 үйдің екеуі өткен жылы сүріліп, 16 отбасы жаңа баспанамен қамтылған. Апатты үйлерді сүру жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге аспақ. Сондай-ақ Т.Қайнарбеков Қапшағайда жаңа ықшам аудандар салынатынын айтты. Мәселен өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4 жоба жүзе асып, жаңадан бой көтеретін 3 шағын ауданға инфрақұрылым тартылған.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2,8 млрд теңге қаржы бөлінді. «Арна 12а» «Арна 12в» ықшам аудандарының инфрақұрылымы толықтай жасалды. Болашақта бұл жерде үйлер салынады, тамаша жаңа аудан бой көтереді. Сондай-ақ аталған бағдарлама аясында Қапшағайдың жылу қазандығы күрделі жөндеуден өтті»,  - деді Т.Қайнарбеков

Айта кету керек, Қапшағай қаласында 45 мыңнан аса халық тұрады. Ал баспана кезегіндегілердің саны 2300-ден асып жығылады.

Соңғы жаңалықтар