Қапшағай жолында автожарыс ұйымдастырған екі азамат ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Қапшағайдың жолында автожарыс ұйымдастырған екі азамат ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жергілікті Instagram пабликтеріндегі жарияланымдарға талдау жасады. Олардың біріндегі бейнеде автожарыс бастамашылары бірінің жазылушыларды тарту мақсатында елімізде енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, сондай-ақ бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандығы байқалды.
«Оқиға ағымдағы жылдың 24 наурызында сағат 23.30 шамасында Алматы-Қапшағай тас жолында «БМВ» маркалы екі автокөлік құралдарының қатысуымен орын алған. Көлік жүргізушілері өзара «темір тұлпарларымен» жарысқан. Қазіргі уақытта азаматтардың жеке тұлғалары анықталды, олар Қапшағай қаласының тұрғындары болып шықты.
Аталған дерек бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы бірнеше хаттама толтырылды, атап айтқанда ҚР ӘҚБК 476 бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу», 597-бабының 3-бөлігі» басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» бойынша», - деді Қапшағай ҚПБ бастығы полиция майоры Манат Айтмұханбетов.
Ұсталғандар жарыстарының дұрыс әрекет емес екендігін мойындады. Әкімшілік іс жүргізу шешімін қабылдау үшін іс жақын арада сотқа жіберілетін болады.
«Біздің міндетіміз - қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе елдегі ерекше және төтенше жағдай кезінде. Қазіргі уақытта біз барлық интернет ресурстарда орналастырылған барлық жарияланымдарға мұқият талдау жүргіземіз. Белгіленген талаптарға қайшы келетін материалдар бойынша заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылуда»,- деп толықтырды майор Айтмұханбетов.
- Ақтөбеде түн жарымында көше кезген 222 жасөспірім полицияға жеткізілді
- Шетелдік әйел Атырау тұрғынынан ақша талап етіп, видеоңды интернетке саламын деп қорқытқан
- СҚО-да қызы әкесін тонап, шотындағы 800 мың теңгеге жуық ақшаны қолды еткен
- Әкімшілік әділет шетел инвестициясының артуына сеп болады – Аслан Түкиев
-
Кегенде 53 бас мал қарасан және пастереллезден қырылған - әкімдік
-
Ақтөбеде көлік апатынан 2 адам көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам