Қапшағай тұрғыны ірі марихуанамен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Полиция аса ірі көлемде есірткі өсімдіктерін заңсыз жинап, сақтады деген күдікпен 44 жастағы Қапшағай тұрғынын ұстады.

Алматы облысы ІІД хабарлауынша, күдікті Қапшағай маңындағы «Шошқалы сай» шатқалында ұсталған.

Күдіктіні «Көкнәр-2016» операциясын жүргізген облыстық есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Тәртіп сақшылары оның сөмкесінен 17 келі 386 грамм марихуана тапқан.

Күдіктінің аты-жөнін анықтау барысында, оның бұрын да есірткімен істі болғаны белгілі болды.

Қазір Қапшағай қалалық ІІБ қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге «өз тұрағын хабарлап тұруға міндеттеу» шарасы тағайындалды.

Жыл басынан бері аймақтағы полицияның араласуымен, 1 тоннадан астам түрлі есірткі заңсыз айналымнан шығарылды, оның ішінде 3,6 келі героин және 30 келі гашиш бар.

Соңғы жаңалықтар