Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қапшағай су қоймасында үш адам құтқарылды

2022 жылғы 2 шілде 18:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қапшағай су қоймасындағы қалалық жағажайды патрульдеу кезінде құтқарушылар бір күнде үш ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жағадан 250 метр қашықтықта 1997 жылы туған ер адамды құтқарылды. Ол үрлемелі матрасқа отырып, жағадан алыстап кеткен. Жағадан 400 метр қашықтықта тағы екі ер адамды құтқарылды. Олардың бірі – 2000 жылы туған ер адам, суда аяғының сіңірі тартылып қалған. Енді бірі – 1998 жылы туған азамат өз күшін жете бағаламай, үрейге бой алдырып, суға батып кете жаздады. Құтқарушылар үш ер адамды жағаға эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес. Судағы қауіпсіздік ережелері және құтқару кеудешесінсіз суға шомылудың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - делінген ведомство ақпаратында.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары