Қапшағай су қоймасынан екі адам құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Балық аулаға шыққан екі жігітті Қапшағай су электр стансасының құрылыс аумағына қарай ағызып әкеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 14:50 шамасында Қапшағай су қоймасына балық аулауға резеңке қайықпен аттанған 2001 және 2002 жылы туған екі азаматты су ағыны Қапшағай СЭС құрылысы жағына алып кеткен.

«Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен жіберілді. Оқиға орнына келген бойда, қайық Қапшағай СЭС бөгетіне қатты ағыспен келіп, ол жерден балалар өз бетінше шыға алмағаны анықталды. Олар бөгеттің құрылысына көтеріліп, көмек күткен», - деп хабарлады ведомствадан.

Екі жас жігітті құтқарушылар жағаға жеткізіп, оларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.


Соңғы жаңалықтар