Қапшағай казиносынан жалақыларын алмаған жұмысшылар аштық жариялады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағайдағы казиннодан үш айдан бері жалақыларын алмаған жұмысшылар аштық жариялады. Қазір осы жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе - ойынхана мен жұмысшылар арасында болып жатқан дау. Анықтағанымыз, 270 адам еңбекақыларын ала алмай жүр. Олардың алдындағы қарыз көлемі - 130 млн теңге көлемінде. Қарыз үш ай көлемінде төленбеген. Бүгінгі күні дағдарысқа байланысты штаб кездесуі болды. Барлық мүшелері қатысты. Сонда ойынхананың директорлары да  келіп, осында уәделерін беріп кетті. Бүгінгі күнге 45 млн теңгені төлейміз деді.  Жаңағы аштық жариялап отырған 18 адамның өкілі де болды. Олар да  аштық тоқтатуға сөз берді. Тоқтатпаған жағдайда, заң бар, соған сәйкес барлық құзырлы органдар бүгіннен бастап жұмысқа кірісіп кетті. Прокуратура, еңбек инспекциясы, салықтың өкілдері осы мән-жайды анықтаймыз. Әзірге жұмысшылар сотқа арыз түсірмеді», - деді Алматы облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Керімбек Жаншабай.

Ал Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметінше, ойынханадағы жалақы дауы «Алты Алма» казиносында болып жатыр. Айтуларынша, аталған ойынхана жұмысын тоқтатқанына бір айдай уақыт болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қапшағайдағы казино жұмысшыларының еңбекақыларын ала алмай жүргенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар