+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қапшағай қаласының әкімі ауысты

2020 жылғы 25 мамыр 16:58
Бөлісіңіз:
Қапшағай қаласының әкімі ауысты

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы əкімінің өкімімен Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев Қапшағай қаласының əкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәди Такиев Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұрлан Құматаев 1970 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын стоматолог дəрігер, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер, Шет тілдер жəне іскерлік карьерасы университетін экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы №4 стоматологиялық емханасының стоматолог дəрігері болып бастаған. Əр жылдарда Іле ауданы Жетіген ауылдық округі əкімінің орынбасары, Іле ауданы əкімі аппараты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Іле ауданы Байсерке ауылдық округі əкімінің орынбасары, Іле ауданы əкімі аппараты Шағын жəне орта бизнес, Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бастығы болды.

2016 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Іле ауданы əкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, Алматы облысы əкімінің өкімімен Талғат Қанатұлы Қайнарбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қапшағай қаласының əкімі лауазымынан босатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT