Қапшағай қаласының 4 полиция қызметкері ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қапшағай қаласының 4 полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ҰҚК Алматы облыстық департаменті және облыстық прокуратура қызметкерлерінің бірлескен тексеру кезінде қапшағайлық тәртіп сақшыларының есірткі сатумен айналысқан азаматтарды қорғап-қолпаштағаны анықталды. Жедел тексеру нәтижесінде  2017 жылдың 20 желтоқсанында Қапшағай қалалық ІІБ-ң 4 қызметкері ұсталды. Оларға ҚР ҚК 297, 361-баптары бойынша айып тағылып отыр. Сондай-ақ, есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен тағы екі азамат ұсталды. Олардың үстінен  ҚР ҚК 297-бабы бойынша іс қозғалды», - деп мәлім етті Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Іс арнайы прокурорлар өндірісінде. Бұл іс бойынша процессуалды прокурор белгіленді. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар