Қапшағай қаласында көпбалалы 15 отбасы баспаналы болды

None
None
ҚАПШАҒАЙ. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласында 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Талғат Қайнарбеков тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады. Ұсынылған үйлер Шеңгелді ауылдық округі, Заречный ауылдық округі және Қапшағайдың өзінен жергілікті бюджет және м

еценаттар тарапынан сатып алынған.

Бұл үйлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа алғашқы Жолдауында берілген тапсырманы орындау мақсатында берілді. Яғни, тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру тапсырмасы бойынша.

Айта кету керек, Қапшағай қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 356 көпбалалы отбасының жағдайы тұрақты назарда. Өңірдегі көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жыл соңына дейін тағы 4 отбасыға пәтер кілті табысталмақ.

Соңғы жаңалықтар