Қапшағай қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талғат Қанатұлы Қайнарбеков Қапшағай қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бұған дейін 2013 жылдың маусымынан бастап Текелі қаласының әкімі қызметін атқарды.

Талғат Қанатұлы Қайнарбеков 1969 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы - тарих және қосымша мемлекеттік құқық пәнінің оқытушысы, экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолын Талдықорған ауданы Көкөзек ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Кейін «Эльдорадо» ЖШС менеджері, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік және байланыс бөлімінің бастығы, Көксу ауданы және Талдықорған қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Қапшағайдың бұрынғы әкімі Сәтжан Қиқымов қала тұрғынына дауыс көтере сөйлеп, басы бәлеге қалған болатын. Осы жайттан кейін ол өз еркімен жұмыстан кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар