Қапшағай қаласына Қонаев аты ресми түрде берілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталды, деп хабарлайды Ақорда.

«Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын деген болатын.

Кейін Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, қалаға Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды.





Соңғы жаңалықтар