«Қапшағай-Бақанас» трассасында 4 адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – «Қапшағай-Бақанас» тасжолында көлік апатынан 4 адам көз жұмды. Оқиға бүгін сағат 14:15-те болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі аталған қайғылы жағдайды растады. Болжам бойынша, «Toyota Land Crusier» көлігінің 58 жастағы жүргізуші шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Mark 2» көлігіне соғылды.

Оқиға орнында «Toyota Mark 2» көлігінің үш жолаушысы және «Toyota Land Crusier»-дің жүргізушісі мерт болды. Бірінші көліктің жүргізушісі мен «Toyota Land Crusier» жолаушысы Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар