Каппадокия туры: Қазақстандық велоспортшылар жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық велоспортшылар Түркияда өткен Каппадокия турынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған рейтингілік турнирге 5 мемлекеттен 10 команда қатысты. 

Бірінші кезеңде қазақстандық Александр Овсянников мәреге екінші болып жетті. Ал екінші кезеңде Алексей Волошин - күміс, А. Овсянников қола медаль жеңіп алды. 

Осылайша, үш күнге созылған тур қорытындысы бойынша қазақстандық Александр Овсянников чемпион атанды.

Аталған сында Қазақстан намысын Александр Овсянников, Алексей Волошин, Арман Қамышев, Александр Семенов, Аспан Жүкенов, Никита Соколов, Степан Астафьев қорғаған болатын. 

«Бұл рейтингілік турнир. Аталған жарыста топ жарған соң біздің еліміздің ұпайы артты. Велоспортшылар барлық нұсқауды орындап, сәтті өнер көрсетті», - деді команда жаттықтырушысы Владислав Горбунков.

Соңғы жаңалықтар