Капитолийге шабуыл жасаған 53 адамның ісін АҚШ соты қарап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Колумбия округінің федералды соты 2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ Конгресіне шабуыл жасаған 13 адамға қатысты айыптауды қарастырып жатыр. Тағы шамамен 40 адамның ісі Колумбия округінің Жоғарғы сотына кетті. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» басылымына сілтеме жасап.

Олар Капитолийге заңсыз әрі қарумен басып кіріп, коменданттық сағатты бұзғаны және басқа да баптар бойынша айыпталып отыр.

«АҚШ-тың Капитолий ғимаратына басып кіру – еліміздің негізгі институттарының біріне жасалған шабуыл. Біздің мекеме басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып АҚШ-тың Капитолий ғимаратына шабуыл жасаған азаматтарды анықтап, тұтқындап, заң жүзінде жазалау үшін жедел әрекет етіп, бар күшін жұмсайды» деп мәлімдеді АҚШ прокурорының міндетін атқарушы Майкл Шервин.

ФБР АҚШ Конгресінің аумағына жарылғыш зат алып кірген адамдар туралы ақпарат бергендерге 50 мың доллар сыйақы береміз деп жариялады.

Вашингтон полицейлерінің хабарлауынша, Капитолийге шабуыл жасаған адамдар туралы мәліметім бар деген азаматтардан 17 мыңға жуық хабарлама түскен.

Соңғы жаңалықтар