Капитолийге шабуыл: АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің пікірі

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың бұрынғы президенттері Барак Обама, кіші Джорж Буш, Билл Клинтон және Джимми Картер сәрсенбі күні Капитолийге жасалған шабуыл мен АҚШ Конгресі ғимараты алдындағы наразылықты айыптады. Осы оқиғалардың салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Politico-ға сілтеме жасап.

Барак Обама Капитолийге шабуылды «ұлы арсыздық пен ұятсыздық» ретінде ел есінде қалатынын мәлімдеді. Ал өзінен кейінгі президент Дональд Трампты осы үшін жауапты екенін баса айтты.

«Тарих іс басындағы президенттің итермелеуімен болған Капитолийдегі бүгінгі қатыгездікті есте сақтап қалады. Ол біздің ұлт үшін айтарлықтай арсыздық пен ұятсыздық кезінде легитимді сайлаудың нәтжесі туралы негізсіз өтірік айтумен болды», - деп жазды Обама Twitter-де.

Ол сонымен қатар Республикалық партия мен оң жүйедегі БАҚ-ты таяуда өткен сайлау нәтижелеріне күмән келтіргені үшін айыптады.

«Бұл жиіркенішті әрі жанға батарлық жағдай. Сайлаудың нәтижесіне бұлайша демократиялық елдерде емес, бананды республикаларда ғана дау айтады», - деп жазды АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джорж Буш.

Кіші Джорж Буш сонымен қатар Капитолий ғимаратына басып кіріп, сонда бірнеше сағат өткізген адамдар «өтірік пен жалған үміттің» жетегінде болғанын атап өтті.

«Мен сайлаудан кейін кейбір саяси көшбасшылардың албырт әрекеттері мен біздің дәстүрлерге, құқық қорғау органдарына деген бассыздыққа таңғалып отырмын», - дейді АҚШ-тың 43-ші президенті.

Кіші Буш сонымен бірге таяуда өткен сайлаудың қорытындысына көңілі толмайтын азаматтарды америкалық демократия үшін отставкаға кетуге шақырды.

«Қазіргі саясаттан гөрі мемлекетіміздің құны жоғары. Халық сайлап алған лауазымды тұлғалар ғана өз міндеттемелерін орындап, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін еңбек етсін», - деді ол.

Өз кезегінде экс-президент Билл Клинтон Капитлоийдің бірнеше бөлігін басып алу әрекетін «улы саясаттың» апатты нәтижесі және таралған жалған ақпараттардың салдары деп атады. Бірақ ол бұл оқиға Америка халқының тәртіпке деген түпкілікті сеніміне селкеу түсірмегенін қосты.

Бұрынғы президент Джимми Картер де болған оқиғаны айыптап, Капитолийге шабуылда «ұлттық трагедия» деп атады. Американың бұрынғы басшысы сонымен қатар бұрынғы бірінші леди Розалин Картер екеуі зорлық-зомбылық үшін уайымдап отырғанын, америкалықтар қақтығыстың ретке келтірілуін тілейтінін жеткізген.

Еске салайық,сәрсенбі күні АҚШ Конгресі сайлаушылардың дауысын есептеп, 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын шығару үшін жиналған болатын. Сайлауда демократтар партиясының өкілі Джо Байден жеңіске жеткен еді.

Алайда, бұған дейінгі президент Дональд Трамптың жақтастары жаппай наразылық акциясын бастап, олардың бір тобы конгресс ғимаратына басып кірді.

Түн жарымына қарай АҚШ конгресін және Сенатын күзететін полиция Трамптың жақтастарын Капитолий аумағынан тықсырып шығарды. Сенат ғимаратын АҚШ ұлттық ұланының жасағы күзетуде.

Вашингтонда коменданттық сағат енгізілді.

Кейін Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын блокқа қойды.

Наразылық акциясынан соң АҚШ Конгресі дауыстарды сертификаттауды қайта жалғастырып, оның қорытындысымен ел президенттігіне үміткер Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін ресми түрде растады. «АҚШ Конгресі Байденнің жеңісін бекітті. Формальді процедура ұзаққа созылып кетті, алайда барлығы сақталды. Таңертең сағат үш жарым кезінде вице-президент Майк Пенс отырысты жабық деп жариялады», - деп жазған болатын ВВС агенттігі.

78 жастағы Джо Байден Американың 46-ыншы президенті болды. Инаугурация 20 қаңтарға жоспарланған.




Соңғы жаңалықтар