Капиталды қайтаруға бағытталған шараларды жедел қабылдау керек – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бизнеске қысым көрсеткен құқық қорғау органларына қатысты қатаң шаралар қабылданады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мен заңсыз жолмен алынған мүлікті қайтару бойынша жұмыстар басталды. Осы орайда тиісті комиссиялар құрылды. Алайда соңғы кездері олардың белсендігі бәсеңдеді. Тауар нарықтарын монополиясыздандыру мен каптиталды қайтаруға бағытталған шараларды жедел қабылдау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент өз ісін адал атқарып келе жатқан бизнеске кедергі келтіру әрекеттеріне жол бермеуді тапсырды.

«Мұндай деректер бізде кездесіп жатады. Жергілікті жерлерде кәсіпкерлерге қысым көрсету жағдайлары қайта-қайта жалғасып келеді. Егер бұлай жалағаса берсе, онда құқық қорғау органдарының өздеріне қатысты қатаң шаралар қабылдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар