Қапалда туристерге тап берген күдіктілер ұсталды - әкімдік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Қапалда туристерге тап берген күдіктілердің ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

«Ішкі істер органына арыз туристер тарапынан түсті. Олар құзырлы органға шағымданып, арыз жазды. Қазір күдіктілер ұсталды. Атап айтқым келеді, туристердің жанында шет ел азаматтары да болған. Бірақ олар зардап шеккен жоқ. Кикілжің Қазақстан азаматтарының, нақтырақ айтқанда Алматы қаласынан келген саяхаттаушылар мен Қапал ауылы тұрғындарының арасында болған», - деді Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылында туристерге жергілікті тұрғындардың тап бергенін хабарлаған болатынбыз. Зардап шеккен саяхаттаушылардың беті көгеріп, олар ауруханаға жүгінген. Бірақ оларды емдеу мекемесіне жатқызу қажеттілігі туындамаған. Оқиға 16 тамыз күні кешкі сегіздер шамасында болған.

Аталған  фактіге байланысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар