Қапалда туристердің соққыға жығылуына қатысты әкімдік пікір білдірді

None
None
ҚАПАЛ. ҚазАқпарат - Алматы облысында саяхаттап жүрген туристерге Қапал ауылының жергілікті тұрғындары тап беріп, соққыға жыққан. Оқиға болған сәттегі бейнежазбаны туристердің бірі агенттік тілшісіне жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

43 секундтқа түсірілген видеода белгісіз азаматтың көліктің ішіне кіріп, адамдарға былапыт сөздер айтып, балағаттап жатқанын көруге болады.

«Біз Қапал ауылындағы дүкенге сусын алуға кіргенбіз. Ішімдік ішіп алған жігіттер келіп, бізге жөнсіз тисе бастады. Соңында олардың саны тіптен көбейіп кетті. Өзіміз түсінбей қалдық  не болғанын.  Біз олармен төбелескен жоқпыз. Ал бізге тап берген жігіттер ішімдік ішіп алған. Қазір бірнеше туристің беттері көгеріп қалды»,- деді атын атамауды өтінген туристердің бірі, оқиға куәгері.

Қазір туристер саяхаттарын Сарқан ауданында жалғастыруда. Үрейленіп қалған олар бұдан былай Қапал ауылына бармайтындарын  жеткізді.

Ал Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі  аталған факті бойынша іс қозғалғанын растады.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Алматы облысында саяхаттап жүрген туристерге Қапал ауылының жігіттері тап бергенін хабарлаған болатынбыз. Артынша Ақсу аудандық ауруханасындағылар туристердің денсаулығы жайлы мәлімет берді.

«6 адам келді. Аяқ-қолдары, дене мүшелері сынбаған.  Бет ауыздары қатты көгермеген. Медициналық  сараптама жасалды.  Барлығы Алматы қаласының  тұрғындары. Туристердің ешқайсысы ішімдік ішпеген», - деген еді Ақсу аудандық ауруханасындағылар.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша іс қозғалған. Туристер ауруханаға жүгінді, бірақ оларды емдеу мекемесіне жатқызу қажеттілігі туындамады",- деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Соңғы жаңалықтар