Қапалану шығармашылық жетістіктердің бастауы болуы мүмкін - The New York Times

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - The New York Times басылымының жазуынша, көңілдің қалуы негативті эмоция саналғанымен, кейде ол шығармашылық жетістіктердің бастауы болуы мүмкін.

«Адамның көңілі толмаған кезде, ол күрестен қашады. Бірақ кейде ол жаңа белестерге жетелеуі мүмкін. Көңілі қалған адам мақсатына ұмтылуды қояды. Дегенмен, бұл негативті эмоция шығармашылық күштің жанармайы болуы ықтимал», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, қапаланған адам күнделікті әрекеттеріне күмәндана бастап, жаңа жолдар, жетілдірілген әдістер іздейді. Яғни, бұл сезім жаңа деңгейге өту сатысы іспеттес.

«Pixar көңіл күйі жоқ, қапалы адамдарды жұмысқа алады. Компания басшылығының айтуынша, мұңды адамдар проблемадан шығудың басқа амалдарын іздейді», деп жазады автор.

Оның айтуынша, адамдарды қиын мақсаттар өзіне тартады. Себебі қиын мақсатқа жету адамдарды ақылмен жұмыс істеуге итермелейді.

Соңғы жаңалықтар