Қантқа қатысты дүрбелең оның бағасының өсуіне әсер етті – Ұлттық банк

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылғы наурызда инфляция 3,7% деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктің хабарлауынша, инфляцияның барлық компоненті бойынша бағаның өсуінің жеделдеуі байқалады. 2022 жылғы наурызда тұтыну бағалары 3,7%-ға өсіп, 1996 жылдан бастап осы ай үшін ең жоғары мәнді көрсетті.

«2022 жылғы наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жылдық мәнде 15,4%-ға дейін жеделдеді (2022 жылғы ақпанда – 10%). 2021 жылдың қараша айында басталған нантоқаш өнімдері мен жармаларға бағаның өсуі астық дақылдарының төмен түсімділігіне және әлемдік бағаның жоғары болуына байланысты жалғасты.

Сонымен қатар майлар мен тоң майлар, сүт өнімдері мен ет бағасының өсуі байқалды. Қантқа қатысты дүрбелең қант бағасының өсуін айтарлықтай әсер етті. Бағаның өсуін жеделдетуге жемістер мен көкөністердің қымбаттауы елеулі үлес қосты, ал көкөністер арасында қырыққабат, пияз, сәбіз, қызанақ және картоп бағасының айтарлықтай өсуі байқалды», - делінген хабарлама.


Соңғы жаңалықтар