Қаңтардың соңғы күндері ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сенсек, алдағы үш күнде ел аумағы циклондардың ықпалында болады.

Бірінші күні антициклон елдің барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрады. Күн ашық болады.

Ал 29 қаңтардан бастап Солтүстік- батыс циклон - батыс аймақтарға, ал 30 қаңтардан бастап Оңтүстік циклон - оңтүстіктегі облыстарға әсер ете бастайды.

Олардың ықпалымен жаңбыр мен қар жауады.

Сондай-ақ температура айтарлықтай артады.


Соңғы жаңалықтар