Қаңтардың 28-і күнгі ауа райы болжамы
Мемлекеттік кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.
Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Ақтөбе облыстараның кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.