+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қаңтардан бастап студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

2019 жылғы 10 желтоқсан 12:50
Бөлісіңіз:
Қаңтардан бастап студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтарынан бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға көтеріледі. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық 135 мың волонтер бір күнде 6 мың тонна қоқыс жинады Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді

«Өзекті мәселелердің бірі жоғары оқу орындары студенттердің шәкіртақысын көтеру екендігін жақсы білемін. Бұл мәселе назардан тыс қалып, шәкіртақы 2016 жылдан көтерілген жоқ. Бірақ, оның объективті себептері болды. Сондықтан студенттерді қолдау үшін мен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадым. Толықтай алғанда бұл шамамен 130 мың адамға қатысты болады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті дәл осындай қолдау колледж студенттеріне де көрсетілетіндігін айтты.

«Естеріңізде болса, осы жылдың қыркүйегінен жұмыс мамандығыны алып жатқан 122 мың шәкірттың шәкіртақысы 30 пайызға артты. Менің тапсырмам бойынша, Үкімет 2020 жылдың қаңтарынан орта араулы білім алатын колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға арттырады. Бұл тағы да 100 мың адамға қатысты. Бұл шаралар студенттерімізге жақсы қолдау боларына сенемін»,- деді Қ.Тоқаев.

Еске салсақ, 2020 жылдың қаңтарынан бастап студенттердің шәкірақысы 25 % өсетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT