+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қаңтардан бастап кірісі төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады

2019 жылғы 15 желтоқсан 11:56
Бөлісіңіз:
Қаңтардан бастап кірісі төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 1 қаңтардан кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен аз азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына орай ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаевтың берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Кипр арасында қосарланған салықты болдырмау туралы құжат мақұлданды Аудиторлық тексеру 198 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтады - Смайылов Қазақстандықтардың қаржы аударымдары тексеріледі

Ұлттық банк төрағасының атап өтуінше, соңғы жылдары байқалған тұтынушылық кредиттеудің қарқынды өсуі бүгінгі күні баяулады. Тұтынушылық кредиттеудің кепілсіз сегментіндегі берешектің өсуі 2017-2018 жылдары жылына сәйкесінше 31 және 28 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 10 айында кепілсіз тұтынушылық қарыз портфелінің өсуі небәрі 8 пайыз болды. Осы кезең ішінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 16 пайызға өсті. Бұл кепілсіз қарыздар бойынша берешектің өсуінен екі есе көп. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығының шамасы бойынша Қазақстан борыш деңгейі төмен елдердің қатарына жатады. Тұтынушылық қарыздар портфелінің ЖІӨ-ге қатынасы шамамен 9,2 пайызды құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш 14,3, Польшада –30-ға жуық, Германияда – 40-тан астам, АҚШ-та – 85 пайыздан астамға тең», - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк азаматтардың шамадан тыс кредиттелуінің алдын алу және тұтынушылық кредиттеудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін реттеу шараларын іске асыруда екен. «Ағымдағы жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Ол 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халыққа қарыз беретін барлық заңды тұлғаларға қатысты реттеу мен қадағалауды енгізуді көздейді», - деп түсіндірді банк басшысы.

Оның айтуынша, барлық кредиттеу субъектілері реттелетін бір аяда жұмыс істейтін және қарыз шарттарының талаптарына қойылатын талаптар, шекті сыйақы мөлшерлемелері, кредиттік бюроға ақпарат беру, борыштық жүктеме коэффициентінің сақталуы және басқалары сияқты қарыз алушыларды қорғау жөніндегі талаптардың толық аясын сақтайтын болады.

«Бұл ретте 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгертілді – кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салу енгізілді, сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптар күшейтілді, бұл банктердің кепілсіз тұтынушылық қарыздарды, әсіресе кірісі төмен азаматтарға беруіне экономикалық ынтасын төмендетеді. Сонымен қатар, 90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша тұрақсыздық айыбы мен комиссияларды есептеуге тыйым салу жөнінде заңнамалық актілерге түзетулер әзірленді. Осы арқылы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешектің үздіксіз өсуі шектелетін болады», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT