Қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында саяси экстремизм белгілері анықталған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда қылмыстық бағыттағы деструктивті діни ағымның бір топ мүшесі ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ерекше атап өтетін жайт, ол – саяси экстремизмнің айқын белгілерінің анықталуы. Бейбіт акцияға қатысушылардың талаптары мемлекет тарапынан орындалса да, араңдатушылар әдейі жанжал шығарып, оны ушықтырып, саяси талаптар қоя бастаған. Олардың түкпі мақсаты билікті қарумен күштеп басып алу болған. Тіпті, «қоғам» және «азаматтық белсенділер» деп саналатындар да наразылықтардың бастапқы кезеңін пайдаланып, тізгінді өздеру алуға тырысқан. Бұл ретте тыйым салынған «ҚДТ/Көше» атты экстремистік ұйымының мүшелері жаппай тәртіпсіздіктерге белсене итермелеген», - деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, ұсталғандар арасында тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі анықталған.

«Алматыда қылмыстық бағыттағы деструктивті діни ағымның бір топ мүшесі ұсталды. Оларды ұстау кезінде қолдануға дайын болған қару-жарақ тәркіленді. Олар өз тобының әрекеттерін үйлестіріп отырған. Бұл ретте олардың бір бөлігі алаңда жүрсе, екіншісі қаланың төменгі жағында баррикадаларда болған», - деді Бас прокуратура өкілі.


Соңғы жаңалықтар