+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қаңтарда жылдық инфляция 7,4 пайызға дейін баяулады

2021 жылғы 16 ақпан 09:50
Бөлісіңіз:
Қаңтарда жылдық инфляция 7,4 пайызға дейін баяулады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтарда жылдық инфляция 7,4 пайызға дейін баяулады Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк сәбіз бен картоп ең қатты қымбаттаған өңірді атады Қазақстанда маусым айында инфляция 1,1% құрады

«Биылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,4 пайызға дейін баяулады. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне үлкен үлес қосуда. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі жекелеген тауар нарықтарында теңгерімсіздіктің сақталуы аясында 2020 жылғы желтоқсандағы 11,3 пайыздан биылғы жылғы қаңтарда 11,4 пайызға дейін жылдамдады», - деді ол.

Оның айтуынша, инфляцияның азық-түлікке жатпайтын және сервистік компонентінің серпіні әлсіз тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,5-тен 5,3 пайызға дейін, ақылы қызметтер инфляциясы 4,2-тен 4,1 пайызға дейін баяулады.

«Азық-түлік инфляциясының 2020 жылғы қарашадан бастап жылдамдауына байланысты Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға бағасы барынша сезімтал тамақ өнімдеріне (өсімдік майы, қант, жұмыртқа) бағаның өсуіне ерекше көңіл бөлу қажет»,- деді Ерболат Досааев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT