Қаңтарда ЖІӨ 2,9 пайызға өсті - Тимур Сүлейменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтарында жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есепті кезеңде жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,9 пайызды құрады. Өсу тұтыну нарығындағы, сондай-ақ өнеркәсіптің өндіру секторларындағы сұраныстың сақталуымен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, экономиканың өсу қарқындарының бәсеңдеуі өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы төмендеумен, сондай-ақ инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеуімен негізделеді. Жалпы, негізгі салалардың барлығына өткен жылғы жоғары базаның әсері тиді», - деді министр.

Оның дерегінше, инфляция деңгейі 2018 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда жақсы қалыптасты. Жыл басынан бері ол 0,5 пайызды, ал жылдық мәнде 5,2 пайызды құрады.

«Өткен жылғы жоғары базаның аясында осы жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2,5 пайызға төмендеді. Төмендеу Шымкент мұнай өңдеу зауыты және Ақсу ферроқорытпа зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарын аяқтауымен байланысты», - деді Т.Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар