Қаңтарда Lexus көлігімен қару таратқан 3 күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасында Lexus көлігімен қару таратқан 3 күдікті туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы қаласында 6 қаңтарда «Көктөбе» телемұнарасының ғимаратын басып алуға оқталған бұл оқиғалардың басқа қатысушысы анықталды. Стратегиялық нысанды басып алудың негізгі мақсаты - жалған ақпарат тарату арқылы азаматтардың көшеге шығуын үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған. Құқықтық тәртіп күштері стратегиялық нысанды басып алуға жол бермеді. Күдікті адам соттың санкциясымен қамауда», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол Алматыдағы «Анна» қару-жарақ дүкенін тонады деп күдікке ілнген 3 азамат туралы мәлімет берді.

«Олар 5 қаңтарда Lexus маркалы автокөлікпен Алматы қаласы «Республика» алаңының алдына ұрланған қаруларды таратқан.

Бас прокуратура фейк ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті.

Ақмола облысында осындай істердің бірі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаумен үкім шығарылды», - деді Елдос Қилымжанов.

Бұған дейін ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде әсіресе үш өңірде нысандар қатты тоналғанын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар