Қаңтарда қазақстандықтар 42 млрд теңгеге жаңа көлік сатып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтарында қазақстандықтар жаңа автомобиль, жүк көлігі мен автобус сатып алуға 42,2 млрд теңге немесе 111,5 млн доллар жұмсады.

Бұл жайында Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтарда еліміздің автомобиль нарығы тұрақты өсім көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артты. Осы айдың ішінде 4251 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника және 185 жүк көлігі мен автобус сатылды.

Көп сатылған көліктердің рейтингіде ресейлік бренд көш бастап тұр. Бір айдың ішінде 1015 Lada сатылған. Мұнан кейінгі орындарда Toyota (967) мен Hyundai (796) тұр. Қазақстан нарығында өтімі жоғары тұрған көліктердің мұнан кейінгі рейтингі төмендегідей тізбектелген: Kia (337), Volkswagen (185), Renault (150) Nissan (139), GAZ (138), Lexus (120) және Chevrolet (72.

Жаңа көліктердің басым бөлігін Астана мен Алматы тұрғындары сатып алған. Дәл осы екі қала тұрғындарына Қазақстанда сатылған көліктердің 50 пайызы тиесілі.

Нақты айтқанда, алматылықтар 1229, ал астаналықтар 957 жаңа көлік сатып алған. Үздік бестікке Атырау (333), Шымкент (263), Қостанай (244) қалалары кіреді. Ал Талдықорғанда бір ай ішінде небәрі 33, ал Таразда 38 ғана жаңа көлік сатылған.

Соңғы жаңалықтар